Жібек Құламбаева әлемдік рейтингіде бірден 28 сатыға жоғары көтерілді
АСТАНА. KAZINFORM — Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жаңартылған рейтингіні жария етті.

Страсбургте WTA 500 турнирінде чемпион атанған Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 12-ден 11-орынға көтерілді.
Юлия Путинцева 32-ден 31-ге ауысты.
Куршумлия-Баня (Сербия) ITF W75 турнирінде жартылай финалға дейін жеткен Жібек Құламбаева 337-ден бірден 309-ға (+28) жоғарылады.
Зарина Дияс 275-тен 276-ға төмендеді.
Әлемде жекелей сында бұрынғыша Беларусь өкілі Арина Соболенко алдына жан салмаса, америкалықтар Кори Гауфф екінші, Джессика Пегула үшінші сатыда тұр.
Жұптық сында Қазақстанның бірінші ракеткасы Анна Данилина 18-ден 17-ге, Ж.Құламбаева 116-дан 115-ке шықса, Ю.Путинцева 70-тен 73-ке түсіп қалды.
Бүгін Елена Рыбакина Ролан Гаррос турнирінде бастапқы кездесуін дүниежүзілік рейтингіде 202-орында тұрған аргентиналық Хулия Риерамен өткізеді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның WTA чемпиондық кестесінде үздік сегіздікке енгенін жазған болатынбыз.