13:41, 08 Қыркүйек 2025 | GMT +5
Жібек Құламбаева Қытайдағы челленджер жарысына жолдама алды
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық теннисші, әлемнің 302-ракеткасы Жібек Құламбаева Хучжоу (Қытай) челленджер турнирінің іріктеу сайысын сәтті өткізді.
Жібек іріктеу сайысының финалында дүниежүзілік рейтингіде 576-орында тұрған оңтүстіккореялық Су Джон Чанның мысын басты.
Қос партия да 6:3 есебімен Құламбаеваның пайдасына шешілді.
Тартысты бәсеке 2 сағат 4 минутқа созылды.
Жібек Құламбаеваның негізгі жарыстағы алғашқы қарсыласы кейін анықталады.
Аталмыш дода 14 қыркүйекте мәресіне жетеді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Карлос Алькарастың атақты теннисші Рафаэль Надальдың жетістігін қайталағанын жазған едік.
Александр Бублик әлемдік рейтингіде өзінің үздік көрсеткішіне жақын тұр.