22:05, 07 Қыркүйек 2025 | GMT +5
                                        Жібек Құламбаева Қытайдағы жарыста қарсыласын ойсырата жеңді
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық теннисші, әлемнің 318-ракеткасы Жібек Құламбаева Хучжоу (Қытай) челленджер турнирінің іріктеу сайысын сәтті бастады.
 
                                              Қазақстандық теннисші жергілікті спортшы Гую Сюйге бірде-бір гейм бермей, 6:0, 6:0 есебімен ойсырата жеңді.
Матч 54 минутта аяқталды.
Жібек Құламбаева іріктеу сайысының финалында әлемдік рейтингіде 476-орында тұрған оңтүстіккореялық Джон Чанмен кездеседі. Оны жеңсе, негізгі жарысқа жолдама алады.
Тағы бір қазақстандық, әлемнің 242-ракеткасы Зарина Дияс негізгі турнирде алғашқы айналымда рейтингіде 216-сатыдағы франциялық Кароль Моннемен шеберлік байқасады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Аружан Сағындықованың Қытайдағы турнирде жеңіс тұғырына көтерілгенін жазған едік.