18:50, 08 Шілде 2025 | GMT +5
Жібек Құламбаева Нидерландтағы турнирде алғашқы қарсыласын тізе бүктірді
АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық теннисші, әлемнің 306-ракеткасы Жібек Құламбаева Гаага (Нидерланд) ITF W75 турнирінің екінші айналымына шықты.

Құламбаева бастапқы кездесуін дүниежүзілік рейтингіде 337-орында тұрған корт иесі Лиан Транмен өткізді.
Бірінші партияда Жібек айқын басымдылық танытты – 6:1. Екінші сетте жергілікті спортшы 4:2 есебімен алға шыққанымен, Құламбаева таразы басын аудара білді – 6:4.
Матч 1 сағат 5 минутқа созылды.
Жібек Құламбаеваның келесі қарсыласы кейін анықталады.
Қазақстандық теннисші қазіргі кезде WTA Live рейтингісінде 299-орынға көтеріліп, ТОП-300-ге кіріп тұр.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Уимблдонда қазақстандық жасөспірімдердің жұптық сында екінші айналымға өткенін жазған едік.