Жібек Құламбаева Нидерландтағы жарыстың жартылай финалына шықты

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева жұптық сында Гаага (Нидерланд) ITF W75 турнирінің жартылай финалына өтті.

Жібек Құламбаева
Фото: ҚТФ

Жарыстың 1-ракеткалары болып тіркелген Ж.Құламбаева – украиналық Валерия Страхова доданы бірден ширек финалдан бастады.

Қазақстандық-украиналық жұп испаниялық Кристина Дьяс-Адровер – нидерландылық Антония Стояновпен бетпе-бет келді.

Бірінші партияда испаниялық-нидерландылық жұп 6:4 есебімен басым түсті.

Екіншісінде Құламбаева – Страхова қарымта қайырды – 6:1. Содан кейін супер тай-брейкте сәтті ойнады – 10:3. Матч 1 сағат 17 минутқа созылды.

Жібек Құламбаева – Валерия Страхова финалға шығу үшін ресейліктер Полина Бахмуткина – Кристина Кройтормен таласады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Зарина Диястың Португалиядағы турнирде камбэкпен ширек финалға өткенін жазған едік.

Сондай-ақ Әмір Омарханов алғаш рет Уимблдон турнирінің жартылай финалына жолдама алды.

Соңғы жаңалықтар