19:59, 26 Маусым 2025 | GMT +5
Жібек Құламбаева Сербиядағы турнирдің ширек финалына өтті
АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық, әлемнің 306-ракеткасы Жібек Құламбаева Курсумлийска Баня (Сербия) ITF W15 турнирінің ширек финалына жолдама алды.

Жарыстың 1-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші алдымен сербиялық Александра Джокичті 6:0, 6:3 есебімен ойсырата ұтты.
Екінші айналымда рейтингіде 1319-орында тұрған чехиялық Люси Урбановамен ойнады.
Жібек 6:1, 1:0 есебімен жеңіп жатқан кезде чехиялық спортшы матчты жалғастырудан бас тартты.
Жібек Құламбаева жартылай финалға шығу үшін рейтингіде 768-сатыдағы босниялық Суана Тукаковичпен таласады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Зарина Диястың Испаниядағы тағы бір турнирді жеңіспен бастағанын жазған едік.
Сондай-ақ Бейбіт Жұқаев алғаш рет Уимблдон турниріне жолдама алды.