Жібек Құламбаева Сербиядағы турнирдің жартылай финалына шықты

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық, әлемнің 306-ракеткасы Жібек Құламбаева Курсумлийска Баня (Сербия) ITF W15 турнирінің жартылай финалына жолдама алды.

Жібек Құламбаева: Қазақстан құрамасы сапында алғашқы жеңіске қол жеткізгеніме қуаныштымын
Фото: sports.kz

Жарыстың 1-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші ширек финалда босниялық Суана Тукаковичпен бетпе-бет келді.

Жібек қарсыласын 6:0, 6:3 есебімен ойсырата ұтты.

Матч 1 сағат 5 минутқа созылды.

Жібек Құламбаева финалға шығу үшін ресейлік Милана Жабраиловамен таласады. Ол үш сағатқа жуық уақытқа созылған тартысты ойында словакиялық Стелла Ковачикованы жолдан тайдырды - 5:7, 6:4, 6:2.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Анна Данилинаның қатарынан төрт жарыстың финалына жолдама алғанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар