Жібек Құламбаева Сербиядағы жарысты сәтті бастады

ОРАЛ. KAZINFORM – Қазақстандық теннисші, әлемнің 294-ракеткасы Жібек Құламбаева Куршумлийска Баня (Сербия) ITF W35 турнирінің 1/8 айналымына шықты.  

Жібек Құламбаева
Фото: ҚТФ

Жарыстың 4-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші жекелей сында ресейлік Дарья Садыковамен шеберлік байқасты.

Жібек бірінші партияда 4:6 есебімен есе жіберсе де, камбэк жасай білді – 6:2, 6:3. 

Тартысты бәсеке 2 сағат 19 минутқа созылды. 

Жібек Құламбаева ширек финалға шығу үшін әлемнің 516-ракеткасы, Польша өкілі Даря Кучер немесе рейтингіде 776-орындағы даниялық Ребекка Мунк-Мортенсеннің қай жеңгенімен таласады. 

Тағы бір қазақстандық, рейтингіде 325-сатыдағы Денис Евсеев Бонн (Германия) челленджер турнирінің алғашқы айналымында әлемнің 191-ракеткасы, швейцариялық Жером Кимнан 2:6, 4:6 есебімен жеңіліс тапты.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Бейбіт Жұқаевтың Чикаго турнирінде қарсыласын камбэкпен жеңгенін жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар