Жібек Құламбаева Таиландтағы турнирдің ширек финалына шықты

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық Жібек Құламбаева жұптық сында Таиландтағы ITF турнирінің ширек финалына шықты.

жібек құламбаева
Фото: ktf.kz

Жарыстың 4-ракеткалары болып тіркелкен қазақстандық теннисші мен таиландтық Ланлана Таррауди алғашқы айналымда үндістандық Лил Десаи – ресейлік Анастасия Сухотинаны жолдан тайдырды. 

Екі сетке созылған бәсеке 6:1, 7:5 есебімен Құламбаева – Тарраудидің пайдасына шешілді. 

Жібек пен Ланлана жартылай финалға шығу үшін тайбэйлік Я Син Ли – қытайлық Лю Фанчжоумен таласады.

Жібек Құламбаева жекелей сында дәл осы Л.Фанчжоудан ұтылып, жарыс жолынан шығып қалды – 1:6, 5:7. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Бубликтің Роттердамда 12 эйс жасап, екінші айналымға өткенін жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Михаил Кукушкин Бахрейндегі жарысты сәтті бастады.

Соңғы жаңалықтар