18:24, 18 Желтоқсан 2024 | GMT +5
Жібек Құламбаева Үндістандағы жарыста жұптық сында ширек финалға шықты
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева жұптық сында Нави-Мумбай (Үндістан) ITF W50 турнирінің ширек финалына шықты.

Жарыстың 2-ракеткалары болып тіркелген қазақстандық теннисші мен үндістандық Шривалли Бхамидипати алғашқы айналымда қиналған жоқ.
Ж.Құламбаева — Ш. Бхамидипати корт иелері Шехаль Мане — Сонал Патилды оңай жеңді.
Екі партияда да 6:2 есебі тіркелді.
Ойын небәрі 53 минутқа созылды.
Қазақстандық-үндістандық жұп жартылай финалға шығу үшін таилықтар Тхасапорн Накло — Буньяви Тамчайватпен шеберлік таластырады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Жібек Құламбаеваның Үндістандағы жарыстың ширек финалына жолдама алғанын жазған болатынбыз.