Жібек Құламбаева Үндістандағы жарыстың жартылай финалына өтті
АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева жұптық сында Нави-Мумбай (Үндістан) ITF W50, турнирінің жартылай финалына шықты.

Жарыстың 2-ракеткалары болып тіркелген Ж.Құламбаева - үндістандық Шривалли Бхамидипати ширек финалда Таиланд өкілдері Тхасапори Накло - Буньяви Тамчайватпен кездесті.
Қазақстандық-үндістандық жұп 7:5, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Бір сағат 19 минутқа созылған бәсеке барысында олар 4 брейкке қол жеткізді.
Жібек Құламбаева - Шривалли Бхамидипати финалға шығу үшін үндістандық дуэт Рия Бхатия - Зил Дисаимен таласады. Бұл жұп доданың 4-ракеткалары, жапониялық Хироко Кувата - үндістандық Сахая Ямалапаллиды жолдан тайдырды - 6:4, 6:7 (2:7), 10:5.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Жібек Құламбаеваның жұптық сында Үндістандағы жарыстың ширек финалына шыққанын жазған болатынбыз.