Жібек Құламбаева жұптық сында Сербиядағы турнирдің финалында өнер көрсетеді

АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева жұптық сында Куршумлия Баня (Сербия) ITF W75 турнирінің финалына шықты. 

жібек құламбаева
Фото: ktf.kz

Жарыстың 3-ракеткалары болып тіркелген Ж.Құламбаева - ұлыбританиялық Фрея Кристи финалға дейін іркілмей жетті.

Жібек пен Фрея жартылай финалда доданың 1-ракеткалары, ресейлік Анастасия Тихонова - ұлыбританиялық Эден Сильваны жолдан тайдырды.

Есеп 6:2, 6:3 есебімен қазақстандық-ұлыбританиялық жұптың пайдасына шешілді.

Кездесу 1 сағаттан астам уақытқа созылды.

Жібек Құламбаева мен Фрея Кристидің финалдағы қарсыластары кейін анықталады.

Осылайша, қазақстандық теннисші бүгін екі матчта жеңіске жетті.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Жібек Құламбаеваның Сербиядағы жарыстың жартылай финалына шыққанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар