Жекелеген саясаткерлердің Украинаға ядролық мәртебе беру туралы үстірт мәлімдемелеріне зор қауіппен қараған жөн - Н.Назарбаев

ГААГА. ҚазАқпарат - Жекелеген саясаткерлердің Украинаға ядролық мәртебе беру туралы жауапкершіліксіз мәлімдемелеріне зор қауіппен қарау қажет. Бұл туралы Гаагада өтіп жатқан Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммитте Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтты.
None
None

Мемлекет басшысының атап өтуінше, бұл жолғы саммит жаһандық қауіпсіздіктегі дағдарыс жағдайында өтуде.

«Жиырма жыл бұрын Беларусь пен Украина сияқты Қазақстан жаһандық қауіпсіздікті нығайтуға байыпты үлес қосты. Біздің еліміз ядролық қарудың қомақты қорынан өз еркімен бас тартты және ядросыз мемлекет ретінде Ядролық қаруды таратпау туралы келісімшартқа қосылды. Сондықтан да біздің барлығымыз жекелеген саясаткерлердің Украинаға, 5 АЭС, 15 атом реакторы жұмыс істейтін әрі зымыран технологиясы саласында әлеуеті бар елге ядролық мәртебе беру туралы жауапкершіліксіз мәлімдемелеріне зор қауіппен қарау қажет», - деді ҚР Президенті.

Елбасының пайымынша, G-8 және G-20 аясындағы жұмыстар жаһандық проблемаларды шешуде толық көлемде тиімді болмай отырғанын көрсетіп отыр. Аталған топтан тысқары қалғандардың да мүддесін ескеру қажет.

«Сондықтан да мен осыдан екі жыл бұрын дағдарыстан шығу жолдарын іздеу үшін G-Global бастамасын көтердім. Бұл формат жанды үнқатысуға ие болды және бүгінде оған шамамен 190 ел қатысуда», - деген Қазақстан көшбасшысы бұл адамзат баласының ядролық қарумен өзін-өзі жойып жіберу қатерін еңсеретін әділ, транспарентті, көпполярлы жол екендігін баса айтты.

2011 жылғы 11 қыркүйектегі оқиғалардан кейінгі сияқты әлем ортақ қауіп-қатер алдында ұзақмерзімді және жүйелі негізде бірлесуі тиіс.

«Біздің бәріміз Жердегі бейбітшілік үшін күшпен емес, саяси шешімдерді күтіп отырған халықаралық қоғамдастық алдындағы өз жауапкершілігімізді сезінуге тиіспіз. Оны өмірге енгізу үшін барынша күш-жігер жұмсау қажет», - деді ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар