Жел күшейеді: 13 қазанға арналған ауа райы болжамы

АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК 13 қазан күніне арналған ауа райы болжамын жариялады. 

жел
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

Синоптиктердің болжауынша, атмосфералық фронталды бөліктер әсерінен республика бойынша тұрақсыз ауа райы сақталады. Кейбір аймақта жаңбыр мен қар жауады. 

Республика бойынша жел күшейеді. Еліміздің батысында, орталығында, шығысында, оңтүстік-шығысында тұман түседі. Ал шығыс, солтүстік-шығыс және орталық аймақтарда көктайғақ болады.

Жамбыл облысының таулы аудандарында 1 градус үсік жүреді. 

Астана қаласында күндіз ауа температурасы +3+5°С көрсетеді. Ал желдің жылдамдығы 9-14м/с.

Алматы қаласында термометр +20+22 градусты көрсетсе, Шымкент пен Қызылордада +21+23°С болады. Желдің жылдамдығы 7-12 м/с.

Павлодарда -2 градус, Қостанайда +5+7°С жылы. 

Айта кетейік, бүгін үш қалада ауа сапасы төмендейді.

Соңғы жаңалықтар