Жел күшейіп, тұман болады: 6 қазанға арналған ауа райы болжамы

АСТАНА. KAZINFORM — Қазгидромет 6 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады. 

Үсік
Фото: Kazinform

Синоптиктердің болжауынша, ел аумағының басым бөлігіне солтүстік-батыс антициклон жотасы ықпал етіп, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек республиканың солтүстігінде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуінен жаңбыр, қар жауады. Ал батыста жаңбыр сіркірейді.

Еліміздің батысында, оңтүстігінде жел күшейіп, солтүстік пен оңтүстікте тұман болады. Сондай-ақ оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл тұрады. 

Жамбыл облысының таулы аудандарында, Алматы облысының солтүстігі мен оңтүстігінде, сондай-ақ Жетісу облысының солтүстік және орталық аудандарында аяз болады.

Айта кетейік, «Қазгидромет» РМК еліміздің 11 аймағында дауылды ескерту жариялады. 

Соңғы жаңалықтар