Желіде Татарстандағы 13 адам ажал құшқан сұмдық апаттың видеосы пайда болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Татарстанның Төтенше жағдайлар министрлігі Заинск қаласының маңында болған жолаушылар автобусы мен бензин тасымалдаушы көлік соқтығысқан жантүршігерлік апаттың видеосын жариялады.

 Желіде Татарстандағы 13 адам ажал құшқан сұмдық апаттың видеосы пайда болды

Татарстан денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, жол-көлік оқиғасы Альметев қаласынан шыққан бағытта  сағат 00:37-де (астана уақытымен 03:37) болған. Апат салдарынан 13 адам қаза тапты, олардың қатарында екі бала бар. Тағы 15 адам зардап шеккен, олардың ауыр халдегі төртеуі ауруханаға жеткізілді.