Женевада Украина мәселесі бойынша келіссөздер басталды

АСТАНА. KAZINFORM — Швейцария астанасында Ұлыбритания, Франция, Германия, Украина және АҚШ өкілдері Ресей мен Украина арасындағы дағдарысты реттеу мәселелеріне қатысты келіссөздерді бастады, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.

Переговоры по Украине начались в Женеве
Фото: ТАСС

Украина Президенті әкімшілігінің басшысы Андрей Ермак украин делегациясының Женевада жұмысқа кіріскенін мәлімдеді.

— Ұлыбритания, Франция және Германия лидерлерінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшілері — Джонатан Пауэлл, Эмманюэль Бонн және Гюнтер Зауттермен алғашқы кездесу өткіздім, — деп жазды Ермак Telegram-арнасында.

Бұған дейін еуропалық басылымдарда ЕО атынан келіссөздерге Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйеннің аппарат жетекшісі Бьорн Зайберт қатысады деп хабарланған.

Сонымен қатар, 24 қарашада АҚШ ұсынған дағдарысты шешу жөніндегі ұсыныстарды талқылауға арналған Еуроодақ көшбасшыларының кезектен тыс саммиті өтеді.

Бұдан бұрын Дональд Трамп Украинаға ұсынылған соғысты бейбіт жолмен реттеу жоспары соңғы нұсқа болып табыла ма деген сұраққа теріс жауап берді.

Соңғы жаңалықтар