Жеңіл атлет Елизавета Матвеева FBK Games турнирінде алтыншы орын алды
АСТАНА. KAZINFORM — Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасының спортшысы Елизавета Матвеева Нидерландтың Хенгело қаласында өткен халықаралық FBK Games турнирінде бақ сынап, алтыншы орынға тұрақтады.

Спортшы биіктікке секіру сайысында ел намысын қорғады.
Ең үздік нәтижесі – 180 сантиметр. Бұл көрсеткіш Матвееваның жалпы есепте алтыншы орын алуына мүмкіндік берді.
Ал аустралиялық Николай Олислагерс (197 см) турнир жеңімпазы атанды. Күміс жүлдені ямайкалық Ламара Дистин (190 см) жеңіп алды. Қола медаль Швеция өкілі Энгла Нильсонға бұйырды – 185 см.
Айта кетейік, жақында өткен Азия чемпионатында Елизавета Матвеева Қазақстан қоржынына күміс медаль салған болатын.
Еске сала кетейік, бұған дейін Елизавета Матвеева Астанада өткен жеңіл атлетикадан Astana Indoor Meet for Amin Tuyakov Prizes турнирінде әйелдер арасында биікке секіруден 3-орын алғанын жазған едік.