Жеңіл атлет Мария Шувалова Азия ойындарының финалына шықты
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық жеңіл атлет Мария Шувалова Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында ақтық сынға жолдама алды, деп хабарлайды ҰОК баспасөз қызметі.
Отандасымыз 400 метрге жүгіруден іріктеу кезеңінде 53.06 уақыт нәтижесімен төртінші орын алды.
Дәл осы сайыста Александра Залюбовская 53.93 уақыт көрсеткішімен 9-орын алып, финалға шыға алмады.
Бұған дейін хабарланғандай, жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасының өкілі Полина Иванова Аичи және Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында қола жүлдеге ие болды.
Сонымен қатар, Алина Чистякова 20 жылдан кейін елге жетісайыстан жүлде әкелгенін жазғанбыз.