Жер сілкінісі: Талғардағы білім беру ұйымдарында сабақ болмайды
ҚОНАЕВ. KAZINFORM – Алматы облысы Талғар ауданында жер сілкінісіне байланысты мектептерде сабақ болмайды.
«Талғар ауданы бойынша білім бөлімі бүгінгі күні жер сілкінісіне байланысты барлық білім беру ұйымдарында сабақ болмайтындығын және қашықтықтан оқыту жүргізілетінін хабарлайды»,- делінген ақпаратта.
Балабақшалар штаттық режимде жұмыс істеп тұр.
«Балабақшаларға келер болсақ, мектепке дейінгі мекеме штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Кейбір ата-ана балаларын алып кетіп жатыр», - деп атап өтті аудандық білім бөлімінен.
Еске салайық, бүгінгі жер сілкінісі Талғар қаласында қатты сезілген болатын. Ғимараттардың қирағаны мен зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.
Айта кетейік, бүгін саған 10- да Алматы тұрғындары жер сілкінісін сезінді.
Сондай-ақ алматылықтарға жер сілкінісі туралы SMS-хабарлама келген жоқ.