Жерге магнитті дауыл соқты
АСТАНА.KAZINFORM - Ғалымдар болжаған магнитті дауыл 5 ақпанда басталды.
Бұл туралы Ресей қолданбалы геофизика институты (IAG) хабарлады.
IAG мәліметі бойынша, Жердің магнит өрісінің бұзылу деңгейі (күштілігі) бес балдық шкала бойынша G1 деңгейіне жетті, мұнда G5 «өте күшті» және G1 «әлсіз».
Алайда ТАСС агенттігінің хабарлауынша, Ресей Ғылым академиясының Күн астрономия зертханасының мамандары 24 сағат ішінде G2-G3 деңгейіне дейін көтерілуі мүмкін екенін ескертті.
- Дауылдың нақты анықталған бір ғана себебі жоқ және бұл ай басынан бері байқалған өте жоғары күн белсенділігіне Жер магнитосферасының жалпы реакциясы болуы мүмкін. Оған соңғы 18 айдағы ең үлкен X8.1 класындағы жарылыс кезінде 2 ақпанда ғарышқа лақтырылған плазма бұлтының шетіне алдыңғы кеште келуі себеп болды, - делінген зертхана мәлімдемесінде.
Бұған дейін, 4 ақпанда 15 күн жарқылы тіркелген болатын.
Айта кетейік, 2025 жылы магнитті дауыл соққан күндер саны соңғы 10 жылдағы ең жоғары көрсеткіш болды.