Жетімдер үйі: Ақтөбелік 6 жыл көз жазып қалған әпкесімен қауышты

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат -Ақтөбедегі балалар үйінің тәрбиеленушісі көз жазып қалған туған әпкесімен табысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Ақтөбедегі Алға балалар үйіне кішкентайында тапсырылған Қайырмағамбет Шакибаев кейін Тамды, Жайсаң балалар үйіне жіберілді. Ұзақ жыл бойы бір-бірінен ажырап қалған бауырлар жаңа жыл мерекесі қарсаңында қайта қауышты.

Жайсаң мектеп-интернатының тәрбиеленушілері, мүмкіндігі шектеулі жандар мен әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасының 170 баласына сыйлықтар тапсырды. Олардың арасында тұлдыр жетім балалар мен ата-анасы сәбилер үйіне тапсырған тәрбиеленушілер бар. Жаңа жыл мерекесінде 16 жастағы Қайырмағамбет Шакибаев туған әпкесімен кездесті. Олар тағдыр тауқыметімен 5-6 жыл бұрын бір-бірінен ажырап қалған.

«Қайырмағамбет көпбалалы отбасынан шыққан. Балалар үйіне келген соң оның туыстары бауырынан көз жазып қалған. Жаңа жыл мерекесінде қайта табысып, көңілі алаң болып жүрген бала жылап алды. Бауырларын сағынғаны білініп тұрды. Балалар үйінің әр тәрбиеленушісі анам табылса, келіп алып кетсе деп аңсайды. Ағам, апам болса деп тілегін айтады»,- деді Жайсаң балалар үйінің тәрбиешісі Нұргүл Блинова.

Жаңа жылдық мерекені «Нұр Отан» партиясындағы «Кәсіпкерлердің құқығын қорғау қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің бастауыш партия ұйымы өткізді. «Қамқоршылық забота» қайырымдылық қоры балаларға арнайы сый жасады. Сонымен қатар, жергілікті кәсіпкерлер, «Ақтөбе» футбол клубының ойыншылары мен спортшылар да сыйлық үлестірді.

«Бір ай бұрын балалар Аяз атаға хат жазды. Басты демеушілеріміздің бірі - «Ақтөбе» футбол клубы. Футболшылардың әрқайсысына бір баланың хатын беріп, олардың арман-тілектері түгел орындалды. Дамуы тежелген балалар ойыншықтар ғана сұрады. Олар көлік, қуыршақ, шаңғы, үлкен тікұшақпен ойнағысы келеді. Ал Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің студенттері ақша жинап, бір балаға велосипед сыйлады»,- «Үміт оты» қайырымдылық ұйымының мүшесі Ардақ Орынбасарова. 

Ақтөбелік балалар алдымен ертегі тамашалады. Олардың көбі үнемі қайырымды жандардан қаржылай көмек алып тұрады. 

Соңғы жаңалықтар