09:28, 26 Тамыз 2022 | GMT +5
Жетісайда базар өртенді
ЖЕТІСАЙ. ҚазҚпарат - Түркістан облысында Жетісай қаласының орталық базары өртеніп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Базардан шыққан өрт таңғы сағат 05:20-да ауыздықталып, 07:35-те сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда. Желдің салдарынан өртті сөндіру қиын болды. Жалынды сөндіруге 47 өрт сөндіруші мен 16 техника жұмылдырылды», - деді ТЖД баспасөз қызметі.
Куәгерлердің сөзіне қарағанда, базардағы сауда қатарларының тығыз орналасқан жері , маталар мен киім кешектер, тұрмысқа қажетті заттар сататын аумағы отқа оранған.
Өрттің нақты неден шыққаны да белгісіз.
Видеодан алын ғ ан кадр