13:06, 31 Тамыз 2023 | GMT +5
Жетісу облысы фармацевтикалық бақылау департаментінің басшысы жүйелі түрде пара алған - Антикор
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Жетісу облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті облыстық департаменті басшысының заңсыз қызметінің жолын кесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шенеунік кәсіпкерлерден медициналық қызмет көрсету және тиісті лицензия беру бойынша жалпы қамқорлығы үшін жүйелі негізде пара алды деген күдікке ілінді.
Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.
Департамент басшысы мен пара берушілерге қатысты қорытынды шешімді сот қабылдайды.
«Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды»деп мәлім етті Антикордан.