Жетісу елді мекендерінің 72%-ы газбен қамтылады

АСТАНА. KAZINFORM – Жетісу облысында орталық су жүйесімен қамту 99,9%-ға жетті, газдандыру деңгейі жыл соңына дейін 72% болады. Бұл нәтижені әкім Бейбіт Исабаев есептік кездесуінде баяндады. 

Более 99% жителей Атырауской области обеспечены водой, газом и электричеством
Фото: Pexels

Әкімнің сөзінше, Жетісу облысы құрылғанша тек 5 елді мекен ғана газдандырылған болатын. Биыл «Талдықорған-Үшарал» магистралды газ құбырының құрылысы аяқталды.

– Ақсу, Сарқан, Алакөл аудандарының шамамен 152 мыңнан астам адамы бар 84 елді мекенді табиғи газбен қамту үшін жобалық-сметалық құжаттамалар әзірленіп жатыр. Осы жобаларды іске асырып, 2028 жылы өңірде 210 елді мекенге газ жүргізуді жоспарлап отырмыз. Облыста газға қажеттілік артып келе жатқандықтан, жеке инвестициялар есебінен «Алматы-Талдықорған» екінші магистралды газ құбырының жобалық-сметалық құжаттамасы жасалып жатыр, – деді Б.Исабаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Өңір басшысы ауыз сумен қамту мәселесіне де тоқталды. Оның айтуынша, 2023-2024 жылдары орталықтандырылған сумен жабдықтауға 4 ауыл қосылды, 25 елді мекенінде ауыз судың сапасы жақсарды. Биыл тағы 4 елді мекен орталықтандырылған сумен қамтылады.

Жалпы, 329 елді мекен орталықтандырылған сумен жабдықталып, қамтамасыз ету деңгейі 99,9%-ға жетті.

Айта кетейік, Жетісу облысында биылғы 10 айда барлық сала бойынша өсім байқалады. Өңірде 27 жаңа өндіріс ашылып, мың жарым жұмыс орны құрылды.

«Қорғас» арнайы экономикалық аймағында 32 жоба іске асырылып, 2 мыңнан астам жұмыс орны ашылған. Сондай-ақ жаңадан Туризм басқармасы құрылды. Алакөл және Балқаш көлдерінің жағалауын күтіп ұстау үшін екі коммуналдық мекеме құрылды.

Соңғы жаңалықтар