Жетісу облысында 5 көлік қар құрсауында қалып қойды

ТАЛДЫҚОРҒАН. KAZINFORM — Жетісу облысының Алакөл ауданында құтқарушылар 11 адамды қар құсауынан алып шықты.

Жетісу облысында 5 көлік қар құрсауында қалды
Фото: Видеодан алынған скрин

Құтқарушылар 11 адамға көмек көрсетті. Оның 3- еуі бала.

ТЖМ- нің мәліметінше бүгін Алакөл ауданында «Үшарал-Достық» тас жолында жолаушылары бар бес жеңіл көлік қар құрсауында қалған.

Құтқарушылар қиын жағдайға тап болған жолаушыларға көмек көрсетіп, оларды "Трэкол" жол талғамайтын арнайы көлігімен Достық станциясына жеткізген. Ақ бораннан аман шыққан 11 адамның ішінде 3 бала бар. Олар медициналық көмекке мұқтаж болмады. ТЖМ жолаушыларға  сапарға шықпас бұрын автомобильдің техникалық жағдайын және ауа-райын мұқият қадағалауды ескертеді.

Еске салайық осыған дейін Үшарал — Достық автожолы көліктің барлық түрлері үшін жабылғанын және Шығыс Қазақстанда қар көшкіні қаупіне байланысты тағы да жол жабылғанын жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар