Жетісу облысында 6 сиыр ұрлаған азамат 2 жылға сотталды

ТАЛДЫҚОРҒАН. KAZINFORM - Жетісу облысы Қаратал аудандық соты ҚР Қылмыстық кодекісінің 188-1- бабы, 1-бөлігі яғни мал ұрлығы бойынша қылмыстық істі қарады. Айыпталған азамат сот үкімімен 2 жылға сотталды.

Алматы облысында екі баласы мен әйелді өлтірген адам өмір бойына сотталды
Фото: pexels.com

48 жастағы Қаратал ауданының тұрғыны жайылымда қараусыз жүрген ірі қараларды өз қорасына қамап, олардың құлақтарына жаңа таңба салған. Осы арқылы қылмысын жасыруға тырысқан. Құқық қорғау органдары куәгерлердің айғақтары мен іздестіру шараларының нәтижесінде ұрланған малды анықтады.

Қаратал аудандық сотының дерегінше залал мөлшері 1,2 миллион теңгеден асқан. (6 ірі қараның құны)

Қылмыстық әрекет үшін заң бойынша 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе балама жаза түрлері қарастырылған. Сотталушы өз кінәсін мойындап, істеген ісіне өкінетінін айтты. Материалдық шығынды толығымен өтеді.

«Жәбірленуші сотталушыға бас бостандығынан айырмайтын жаза тағайындауды сұрады. Осы мән-жайларды ескере отырып, сотталушы мал ұрлығын жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды», — делінген хабарламада.

Ұрланған мал өз иесіне қайтарылды. Үкім заңды күшіне енді.

Еске салайық бұған дейін Текелі қаласында итін өлтіріп, иесін сабаған азаматтың 1 жылға бас бостандығынан айырылғанын жазғанбыз

Соңғы жаңалықтар