Жетісу облысында қар құрсауында қалған 8 адам құтқарылды

ТАЛДЫҚОРҒАН. KAZINFORM - Алакөл ауданында құтқарушылар жеңіл автокөлікпен қар құрсауында қалып қойған 8 адамды құтқарды. Жолаушылар медициналық көмекке жүгінбеді. 

Жетісу облысында қар құрсауында қалған 8 адам құтқарылды
Фото: ТЖМ

ТЖМ таратқан мәліметке сүйенсек, Жетісу облысындағы Алакөл ауданы Жалаңашкөл автожолының учаскесінде жеңіл автокөлік қар құрсауында тұрып қалған. Оқиға орнына келген құтқарушылар темір жол бойында қалған көліктегі 2 адамды жақын маңдағы елді мекенге эвакуациялады. 

Сондай-ақ Көктұма станциясының жанында 6 жолаушысы бар жеңіл автокөлікті де қар құрсауынан шығарған төтеншеліктер адамдарды жақын ауылдардың біріне жеткізген.

«Оқиға орнына келген ТЖМ жедел-құтқару жасағының құтқарушылары вахтовканың көмегімен Ақши ауылына 6 адамды эвакуациялады. Олар медициналық көмек мұқтаж емес», - делінген хабарламада.

Еске салайық осыған дейін ТЖМ құтқарушылары қар құрсауынан 2 адамды құтқарғанын жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар