01:08, 25 Қаңтар 2026 | GMT +5
Жетісу облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды
АСТАНА. KAZINFORM — Жетісу облысында күн райының нашарлауына байланысты Көктұма ауылынан Достық станциясына дейін жол жабылды, деп хабарлайды «ҚазАвтоЖол» ҰК баспасөз қызметі.
— 2026 жылғы 25 қаңтар сағат 02:00–де ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар «Үшарал — Достық» автожолының 84-164 шақырым аралығында (Көктұма ауылынан Достық станциясына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу енгізіледі, — делінген хабарламада.
Жолды 2026 жылғы 26 қаңтар сағат 10:00–де ашу жоспарланған. 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.
Бұдан бұрын Қазақстанның бірқатар өңірінде боран мен желге байланысты ескерту жарияланғанын жаздық.