Жетісу облысында жер сілкінді
АСТАНА. KAZINFORM — ҚР ТЖМ «Сейсмологиялык зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2025 жылғы 27 мамырда Астана уақытымен 19 сағат 51 мин жер сілкінісі тіркелді.

Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан шекарасында Жетісу облысында орналасқан.
Сезілетіндігінің есептік қарқындылығы (баллмен) :
Капал-Арасан б.– 2 б.
Ведомство хабарлағандай, зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ.
ТЖМ жер сілкінісі кезіндегі 10 қарапайым қадамды еске салды:
1. Жер дүмпуі кезінде үрейленбеңіз;
2. Жер сілкіну кезінде лифт және баспалдақпен қолданбаңыз;
3. Жиhаздан, терезеден, ары тұрыңыз;
4. Жасырынатын жерді табыңыз - жоғарғы қабаттарда негізгі іргелі қабырғалардың бұрышында орын алып жасырыңыз;
5. Ғимараттан шығыңыз (төменгі қабаттарда);
- көп қабатты үйлерде жер сілкіс аяқталған соң ғимараттан шығыңыз;
6. Кетер алдында суды, газды, электр қуатын мүмкіндігіңізше өшіріңіз;
7. Дабыл жол сандығын алыңыз (алдын ала дайындау қажет);
8. Электр желілерден , ғимарат, ағаштардан аулақ болыңыз;
9. Жер сілкінуіне дайын болыңыз;
10. Қарт адамдарға, балаларға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсетіңіз.
Бұған дейін 25 мамырда Жамбыл облысында 2-3 балдық жер сілкінісі тіркелгенін жаздық.