Жетісу облысында жол апатынан екі адам қаза тапты

Жетісу облысының Панфилов ауданында көлік аударылып, салдарынан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Kazinform.

жол апаты
Фото: Жетісу облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі

Облыстық полиция департаменті ұсынған ақпаратқа сәйкес, жол апаты 16 қазан күні Көктал-Әулиеағаш тасжолының 6-шы шақырымында болған. «Мерседес GL-450» көлігі аударылып кеткен.

Көліктің ішінде 34 және 33 жастағы екі ер адам болды. Олардың бірі оқиға орнында, екіншісі аудандық аурухананың жансақтау бөлімінде көз жұмды.

«Жол-көлік апатының барлық мән-жайы анықталып жатыр. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды», - деп хабарлады Жетісу облыстық ПД баспасөз қызметінен.

Бұған дейін Жетісу облысында жүк көлігі мен «Audi-100» жеңіл машинасы соғылып, 9 адам зардап шеккен болатын.

көлік апаты
Фото: Жетісу облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі
көлік апаты
Фото: Жетісу облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі
көлік апаты
Фото: Жетісу облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі

 

 

Соңғы жаңалықтар