Жетісуда қарлы боранда жолда қалған 12 адам құтқарылды

ТАЛДЫҚОРҒАН. KAZINFORM — Құтқарушылар 12 адамның өмірін аман қалып қалды. Бұл туралы ТЖМ хабарлады.

Жетісуда қарлы боранда жолда қалған 12 адам құтқарылды
Фото: ҚР ТЖМ

Жетісу облысына қарасты Алакөл ауданында Үшарал-Достық тас жолы, Теректі учаскесінде 6 жүк көлігі мен 2 жеңіл автокөлік қар құрсауында қалып қойған. Құтқарушылар ақ түтек боранда жол бойында қалған жолаушыларға көмек көрсетті.

— Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, төтеншеліктер жолда қалғандардың бәрін Достық станциясына арнайы техникамен жеткізді. Азаматтарға медициналық көмек қажет болмады, — делінген хабарламада.

ТЖМ қолайсыз ауа райында сапарға шықпай, қауіпсіздік шараларын мұқият сақтауға шақырады. Еске салайық осыған дейін ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланғанын және ауа райының бұзылуына байланысты Жетісу облысында жол жабылғанын жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар