Жейде түктеніп кетті, кроссовкиден шуаш жұқтыруға болады – Тағы бір Азиада спортшысы киім сапасын сынға алды

Азия ойындарына киберспорт бойынша қатысып жатқан Әнуар Халықбергенов спорттық форма сапасын сынға алды. Бұл туралы ҚазАқпарат ZTB.KZ желілік басылымына сілтемемен хабарлайды.

киберспорт
Фото: instagram.com/anuar_hal/

«Көптеген адам форманың сапасы соншалықты төмен бе деп сұрап жатыр. Иә, бәрі шындық. Салыстырмалы түрде поло жейде ғана көңілден шықты, оның да матасы түтіле бастады. Футболкадағы көк ту эмблемасының желімі ажырап жатыр. Сондықтан кимей жүрмін, жылы кофтамен жүруге тура келді. Маған берілген шорты өлшемі өте үлкен, шалбар сияқты көрінеді. Мен еш жүгірмейтін, бір орында отыратын спорт түрі бойынша сынға түсіп жатырмын, сонда да киімдер бір-екі күнде тозып кетті», - дейді Ә. Халықбергенов.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Сетевое издание «ZTB.KZ» (@ztb_kz)

Сондай-ақ, киберспортшы өзіне берілген кроссовкиді 5 күн кигенін, оның да желімі ажырап, зең жұқтыру қаупі бар екенін айтты.

Әнуардың айтуынша, форманы Қазақстанның киберспорт федерациясы әзірлегенде мұндай мәселелер туындамайтын.

«Басқа елдерден келген спортшылардың киімі сапалы, танымал бренд өнімдері», - деп толықтырды ол.

Айта кетейік, бұған дейін тау велосипедшісі Алина Сарқұлова спорттық форманың сапасыз екенін, бір рет киюге жарайтынын айтып шағымданған еді.

Туризм және спорт министрлігі спорттық форманың сапасына қатысты түсініктеме берді. Қолданыстағы қаулыға сәйкес, спорттық киім-кешек отандық тауар өндірушілерден сатып алынуы керек.

 

Соңғы жаңалықтар