08:28, 19 Қазан 2025 | GMT +5
Жезқазғанда тұрғын үй мен шаруашылық нысандар отқа оранды
ЖЕЗҚАЗҒАН. KAZINFORM – Жезқазған қаласында бір қабатты тұрғын үй мен шаруашылық нысандарды шарпыған ірі өрт сөндірілді. Құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында газ және оттегі баллондарының жарылысы болмады, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігі.
М.Шәріпов көшесінде орналасқан тұрғын үй, шаруашылық құрылыстар мен гаражды ашық жалын шарпыған. ТЖМ қызметкерлері өрттің таралуына жол бермей, ғимарат ішінен төрт газ және екі оттегі баллонын шығарып үлгерген.
- Өрт 280 шаршы метр аумақта сөндірілді. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр, - делінген ақпаратта.
Бұған дейін Астанада қонақүй өртеніп, 60 адам эвакуацияланы хабарланған еді.