ЖИ дәуірінде Қазақстанға не қажет: интернет, маман және энергия

АСТАНА. KAZINFORM — Астанада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

ЖИ-ді дамытудан энергетикалық қауіпсіздікке дейін: Астанада Президент Жолдауының негізгі міндеттері талқыланды
Фото: Астана әкімдігі

Мемлекеттік органдар мен технология саласының өкілдері цифрлық экономиканы дамыту, жасанды интеллектіні енгізу, инфрақұрылымды жаңарту және энергетикалық қауіпсіздік мәселелерін талқылады. Кездесулер Astana Hub-та, Нұра ауданы әкімінің аппаратында және Ұлттық музейде ұйымдастырылды. Талқылауға Құрылтай депутаты Дархан Ахмедиев, «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Бағдат Мусин және энергетика вице-министрі Бақытжан Ілияс қатысты.

ЖИ-ді дамытудан энергетикалық қауіпсіздікке дейін: Астанада Президент Жолдауының негізгі міндеттері талқыланды
Фото: Астана әкімдігі

Қазақстанның IT экспорты 1 млрд долларға жетті

Astana Hub-тағы кездесуде халықтық цифрлық экономикаға көшу және отандық IT-компанияларды қолдау мәселелері қозғалды.

Құрылтай депутаты Дархан Ахмедиевтің айтуынша, цифрлық шешімдер экономиканың барлық саласына қажет. Бұл қазақстандық мамандар әзірлеген өнімдерге сұранысты арттырады. Соңғы бес жылда Қазақстанның IT қызметтерінің экспорты 30-33 миллион доллардан 1 миллиард долларға дейін өскен.

ЖИ-ді дамытудан энергетикалық қауіпсіздікке дейін: Астанада Президент Жолдауының негізгі міндеттері талқыланды
Фото: Астана әкімдігі

Депутат цифрлық құралдар өңір тұрғындарына қашықтан жұмыс істеуге, өнімдерін маркетплейстер арқылы сатуға және шетелдік тапсырыс берушілермен жұмыс істеуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

Сондай-ақ ол «Халықтық құрылыс» бағдарламасын жүзеге асыруда цифрлық технологиялардың маңызына тоқталды. 2029 жылдың соңына дейін әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандар салуға Ұлттық қордан шамамен 6,5 триллион теңге бөлу жоспарланған. Цифрлық модельдер құрылыс нысандарының орналасуын, халық саны мен инженерлік желілерге түсетін жүктемені алдын ала бағалауға көмектеседі.

Жасанды интеллект кәсіпкерлікке жаңа мүмкіндік ашады

«Қазақтелеком» басшысы Бағдат Мусин жасанды интеллект құралдарының қолжетімді болуы технологиялық өнім әзірлеуді жеңілдеткенін айтты. Оның сөзінше, қазір арнайы бағдарламалау тәжірибесі жоқ адамдар да ЖИ агенттерінің көмегімен қосымша немесе цифрлық өнім жасай алады.

ЖИ-ді дамытудан энергетикалық қауіпсіздікке дейін: Астанада Президент Жолдауының негізгі міндеттері талқыланды
Фото: Астана әкімдігі

Ол цифрлық кәсіпкерлікті дамыту үшін сапалы интернет, талшықты-оптикалық желілер, деректерді өңдеу орталықтары және мамандарды даярлау маңызды екенін атап өтті.

ЖИ-ді дамытудан энергетикалық қауіпсіздікке дейін: Астанада Президент Жолдауының негізгі міндеттері талқыланды
Фото: Астана әкімдігі

Мусин ауыл шаруашылығында да цифрлық платформаларды кеңінен қолдану қажеттігін айтты. Мұндай сервистер фермерлерді банктермен, сатып алушылармен және логистикалық компаниялармен байланыстырып, өнімді өткізу мен тасымалдауды жеңілдетеді.

ЖИ-ді дамытудан энергетикалық қауіпсіздікке дейін: Астанада Президент Жолдауының негізгі міндеттері талқыланды
Фото: Астана әкімдігі

Сонымен қатар телемедицина арқылы шалғай елді мекен тұрғындарына медициналық кеңес беру, білім беру саласында цифрлық платформаларды дамыту мүмкіндіктері сөз болды.

Энергетика саласы цифрлық экономиканың сұранысына дайындалуы керек

Энергетика вице-министрі Бақытжан Ілияс цифрлық экономиканың дамуы электр энергиясын тұтынуды арттыратынын атап өтті. Жаңа өндіріс орындары, деректер орталықтары мен есептеу қуаттары үшін тұрақты энергиямен жабдықтау қажет.

ЖИ-ді дамытудан энергетикалық қауіпсіздікке дейін: Астанада Президент Жолдауының негізгі міндеттері талқыланды
Фото: Астана әкімдігі

Оның айтуынша, Мемлекет басшысы Қазақстанның 2035 жылға дейінгі энергетикалық теңгерімін өзектендіруді тапсырған. Бұл құжатта жасанды интеллект, телекоммуникация және құрылыс салаларының болашақтағы энергия қажеттілігі де ескерілуі тиіс.

ЖИ-ді дамытудан энергетикалық қауіпсіздікке дейін: Астанада Президент Жолдауының негізгі міндеттері талқыланды
Фото: Астана әкімдігі

Вице-министр Екібастұз энергетикалық кешені базасында жүзеге асырылып жатқан «Деректер орталықтарының алқабы» жобасын мысалға келтірді. Жоба деректерді өңдеу орталықтарын энергетикалық инфрақұрылымға жақын орналастыруға мүмкіндік береді.

Мусин
Фото: Астана әкімдігі

Сондай-ақ энергетика және мұнай-газ нысандарының цифрлық егіздерін жасауға арналған үлгілік IT архитектура әзірленіп жатқаны айтылды. Оны 2026 жылдың соңына дейін бекіту жоспарланған. Мұндай технологиялар өндірістік үдерістерді бақылауға, жабдықтарды тиімді пайдалануға және отын шығынын азайтуға мүмкіндік береді.

ЖИ-ді дамытудан энергетикалық қауіпсіздікке дейін: Астанада Президент Жолдауының негізгі міндеттері талқыланды
Фото: Астана әкімдігі

Кездесулерде цифрлық экономика, инфрақұрылымдық құрылыс және энергетикалық қауіпсіздік бір-бірімен тығыз байланысты екені атап өтілді. Спикерлердің пікірінше, бұл бастамалардың түпкі нәтижесі жаңа жұмыс орындарын ашу, халықтың табысын арттыру және өмір сапасын жақсарту болуы тиіс.

Бұған дейін сарапшылар Жолдаудағы стратегиялық міндеттерді талқылағанын жаздық.