«Жібек жолы» байқауының бас жүлдесі Ақтөбеге бұйырды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде «Жібек жолы» байқауы өтті. Байқау кезінде ақтөбелік жыршы, термешілердің әндері орындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

null
Ақтөбеде алғаш рет жыршы, термешілердің әндері эстрадалық бағытта орындалы. Байқауға 15 өнерпаз қатысты. Олар Өскемен, Ақтау, Алматы, Орал, Қызылорда, Шымкент, Қарағанды қалаларынан келді. Ал Ақтөбеден 5 өнерпаз бағын сынады. Жас әншілерге байқау кезінде Ақтөбе өңірінде туып-өскен ақын-жыраулардың шығармаларын қайта өңдеп, жаңа бағытта орындау талабы қойылды.

«Қызыл, Батақтың Сарысы, Наурызбек, Әубәкір Кердері, Шернияз сал, Молдабай, Бәкір Тәжібаевтың сөздеріне жазылған әндердің негізін бұзбай, жастарға жеткізу көзделді. Қазір эстрадамыз да түсініксіз күй кешіп жатыр. Еуропаға еліктейді, той бизнесі де бар. Бірақ дәстүрімізді дәріптеуіміз керек. Бұл байқауға кез келген әнші қатыса алмайды. Жыр, термені эстарадаға әкелу, өңдеу қиын. Ұлттық нақышты сақтап, жаңа әнді жеткізу талабы қойылды. Шетелге барған кезде де ұлттық өнерімізге мән береді, сұрайды. Байқау кезінде Молдабайдың әні «Молдабай», Қызылдың «Қамшыгер» әні жақсы өңделіп, жеткізілді», - деді облыстық филармония директоры Елубай Кенжалиев.
null 

Жеңімпаздарды Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев құттықтап, рухани жаңғыру бағытындағы жұмыстардың қолға алынғанын жеткізді.

«Адамға күш, қайрат, жігер беретін ол - ән, өнер, әдебиет. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы жарияланған болатын. Мақаладағы бағдарламаларды жүзеге асыру негізінде еліміздің түкпір-түкпірінде мәдени шаралар жүріп жатыр. Ақтөбеде де өтеуде. Республикалық «Жібек жолы» байқауы да рухани жаңғыруға арналды. Жібек жолының Қазақстан үшін маңызын білесіздер. Жібек жолы арқылы Қазақстанды Еуропа мен Азия білді»,- деді Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев.
null 

Байқаудың бас жүлдесін облыстық филармония әншісі Нұртас Омаров жеңіп алды. Ол Астана қаласында білім алып, еңбек жолын туған жерде жалғастыруды жөн көрген.

«Ахмет Жұбанов атындағы мукалық колледжінің академиялық ән салу мамандығы бойынша бітірдім. Ұстазым - Марат Әйтімов. Астанада қаласындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің академиялық вокал мамандығын бітірдім. Байқаудың негізгі талабы ақтөбелік жыршы, термешілердің әндері, жырлары айтылуы тиіс болды. Мен Молдабайдың «Молдабай» әнін шырқадым. Өңдеу кезінде дәстүрден алшақтамадық, бояуын сол күйі қалдырдық. Әнді Мұрат Кулетенов өңдеді»,- деді «Жібек жолы» байқауының бас жүлдегері Нұртас Омаров. Айта кетейік, бас жүлдеге 500 мың теңге берілді. Ал бірінші орынды алматылық өнерпаз Әбу Қазыбек жеңіп алды. Гала концерт кезінде Өмірқұл Айниязов, Айгүл Қосанова, Ерболат Құдайберген, «Алаш ұлы» тобы өнер көрсетті. 

Соңғы жаңалықтар