Жыл басынан бері 11 мыңнан астам киберқылмыс тіркелді — ІІМ

АСТАНА. KAZINFORM — Соңғы 8 жылда киберқылмыс, интернет алаяқтық саны 10 есе артқан. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Жандос Сүйінбай мәлім етті.

кибер
Фото: Pixabay

— Заманауи телекоммуникациялық және байланыс құралдарын пайдалану арқылы жасалатын қылмыстардың жаңа түрі қалыптасып жатыр. Өкінішке қарай, Қазақстан да бұл қатермен бетпе-бет келіп отыр. Бұндай қылмыстардың басым бөлігі — интернет-алаяқтық. IT технологияның қарқынды дамуына байланысты, соңғы 8 жылда мұндай қылмыстар саны 10 еседен астам өсті. Жыл басынан бері (6 айда) 11 мыңнан аса (11 661) осындай қылмыс тіркелді, — Жандос Сүйінбай орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Осы орайда Ішкі істер министрлігі киберқылмысқа қарсы шараларды қатаңдатып жатыр. 

— Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасымен былтыр қарашада Ішкі істер министрлігінің құрылымында өңірлік бөліністері бар арнайы департамент құрылды. Бұл бөліністер тек киберқылмыстарды ашумен ғана емес, сонымен қатар жалпы заңнамалық, ұйымдастыру, алдын алу жұмысымен де айналысады, — дейді ведомство өкілі.

Еске салайық, полиция қызметі елімізде кең тараған бес киберқылмыс түрін атады

Соңғы жаңалықтар