Жыл басынан бері 91 мыңнан астам мұғалім тегін біліктілікті арттыру курстарынан өтті

АСТАНА. KAZINFORM — Оқу-ағарту министрлігі педагогтердің үздіксіз кәсіби дамуын қамтамасыз ету мақсатында жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Жыл басынан бері еліміз бойынша орта білім беру жүйесінің 91 мыңнан астам педагогі тегін біліктілікті арттыру курстарынан өткен.

ұстаз
Фото: Bilim Group

Бағдарламалар бастауыш сынып, қоғамдық-гуманитарлық, жаратылыстану-математикалық бағыттарындағы және дене шынықтыру пәні мұғалімдерін қамтиды. Сондай-ақ педагогтер инклюзивті білім беру, көшбасшылық, инновациялар мен цифрлық құзыреттілік бағыттары бойынша да дәріс тыңдады. 

Оның ішінде, 70 мыңға жуық сала маманы «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығында курстан өтсе, 18 мыңға жуығы «Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институтында оқытылды. Сонымен қатар Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы, Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы, Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың Ұлттық ғылыми-практикалық орталығында арнайы тегін курстар ұйымдастырылды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын 7 мыңға жуық педагог біліктілікті арттыру курстарынан өтіп жатқанын жазғанбыз. 

Соңғы жаңалықтар