Жыл басынан Қазақстаннан шығарылған шетелдіктер саны белгілі болды

АСТАНА. KAZINFORM — 2025 жылдың басынан 235 мың шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі мәлім етті. 

Жыл басынан Қазақстаннан шығарылған шетелдіктер саны белгілі болды
Фото: Polisia.kz

— Жыл басынан бері ішкі істер органдары қызметкерлері 235 590 шетелдікті әкімшілік жауапкершілікке тартты. Соның ішінде 10 630 шетелдік әртүрлі деңгейдегі құқық бұзу деректері үшін сот шешімімен елден шығарылды. Еліміздің қолданыстағы заңнамасына сәйкес енді оларға Қазақстан аумағына кіруге бес жылға тыйым салынады, — делінген министрліктің Kazinform агенттігіне берген жауабында.

Бұдан бұрын хабарланғандай елімізде шетелдік жұмыс күшін тартатын жұмыс берушілерге қойылатын талаптар өзгереді

Еске салсақ, осыған дейін Жамбыл облысында жыл басынан бері 2 756 заңсыз мигрант ұсталғаны хабарланған

Соңғы жаңалықтар