Жыл басынан коммуналдық тариф неше пайызға өзгерді

АСТАНА. KAZINFORM — Жыл басынан бері елімізде коммуналдық төлемдер неше пайызға өсті? Сонымен қатар, 2025 жылдың соңына дейін бұл бағытта тарифтер тағы да өсуі мүмкін бе? Бұл сұрақтарға ҚР Ұлттық экономика министрлігінен жауап берді.

жарық
Фото: Мухтор Холдорбеков/Kazinform

Табиғи монополиялар және қоғамдық маңызы бар нарық салаларындағы барлық реттелетін қызметтерге тарифтер мен бағалардың өзіндік құны стратегиялық тауарларға (отын, көмір, мазут, газ, электр энергиясы және т. б.), экономиканың реттелмейтін секторларындағы материалдар мен шикізатқа, бөгде ұйымдардың тауарлары мен қызметтеріне бағаның өсуі, сыртқы ұйымдардың тауарлары мен қызметтеріне бағаның өзгеруі сияқты, салық ставкалары, абоненттер саны, көрсетілетін қызметтер көлемі, кәсіпорын балансындағы активтердің құны, желілердің ұзақтығы және басқа да көптеген факторды ескере отырып қалыптастырылады.

— Мұнымен қоса, тарифтердің өзгеруі кәсіпорын инфрақұрылымының жай-күйіне, талап етілетін жөндеуге, көрсетілетін қызметтердің штат санына, көлеміне байланысты жеке тәртіппен қаралады, сондай-ақ әрбір өңірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы ескеріледі, ҚР Үкіметі бекітетін инфляциялық дәліз аясында тарифті ұлғайтуға жол беріледі. Нәтижесінде, осы жылдың басынан тамыз айына дейін коммуналдық қызметтер тарифтерінің орташа өсуі шамамен 18,4 пайызды құрады. Алайда, жыл соңына дейін тарифтердің одан әрі өзгеруі туралы қазір айту ерте. Оның динамикасы табиғи монополиялар субъектілерімен берілген өтінімдерге, жоғарыда аталған факторлардың әсеріне, инфрақұрылымның техникалық жай-күйіне, сондай-ақ өңірлердегі әлеуметтік-экономикалық жағдайға байланысты, — делінген министрліктің Kazinform агенттігіне берген жауабында.

Бұған дейін коммуналдық қызметтер тарифі келесі жылы 20-30 пайызға көтерілетіні мәлім болды. 

Соңғы жаңалықтар