Жыл басында шетелдік валюта қаншадан саудаланып жатыр
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Астана мен Алматы ақша айырбастау орындарында шетелдік валюта бағамы ұсынылды.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде:
— доллар: сатып алу — 511,67 теңге, сату — 517,44 теңге;
— еуро: сатып алу — 592,89 теңге, сату — 603,81 теңге;
— рубль 6,10 — 6,40 теңге аралығында саудаланады.
— юань 72,38 — 75,08 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Елорданың ақша айырбастау пункттерінде:
— доллар 509,88 теңгеден сатып алынады, 516,88 теңгеден сатылады;
— еуро: сатып алу — 591,97 теңге, сату — 601,93 теңге;
— рубль: сатып алу — 6,23 теңге, сату — 6,50 теңге;
— юань 72,41 теңгеден сатып алынады, 77,14 теңгеден сатылады.
Еске салайық, 2025 жылдың 31 желтоқсанында күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 3,02 теңгеге қымбаттап, 505,53 теңге болды.