Жыл соңына дейін 5 өткізу пункті іске қосылады

АСТАНА. KAZINFORM – Келесі жылы «Нұр Жолы» өткізу пунктінен жылына 5 млн-ға дейін көлік өтетін болады. Бұл туралы Үкімет отырысында Қаржы министрі Мәди Тәкиев айтты. 

«Нұр жолы» өткізу пункті
Фото: Мемлекеттік кірістер комитеті

– Кедендік инфрақұрылымды жаңғырту бойынша бүгінде 9 өткізу пункті бойынша жаңарту жұмыстары аяқталып жатыр. 4 өткізу пункті пайдалануға берілді. Олардың екеуі Қытаймен, екеуі Өзбекстанмен шекарада тұр. Осы жұмада «Қазығұрт» және «Темір баба», ал 25 желтоқсанда «Тәжен», «Майқапшағай», «Бақты» өткізу пункттері іске қосылады. Осылайша, Мемлекет басшысының тапсырмасы толық орындалады, - деді ол.

Оның айтуынша, Өзбекстанмен шекарадағы «Жібек жолы» жолаушылар өткізу пунктіне реконструкциялау жүргізіліп жатыр. Тәулігіне 70 мың адамға дейін және 2 мың көлікке дейін ұлғайтылады. 

– «Нұр Жолы» өткізу пунктін тәулік бойы жұмыс режиміне ауыстыру пилоттық жобасы енгізілді. Нәтижесінде автокөлік ағыны 2 есе өсіп, тәулігіне 1 800 көлікті құрап, 453 мың көлікке жетті. Жалпы келесі жылдан бастап өткізу қабілетін 6 есеге көтеріп, 5 млн-ға дейін көлік құралын өткізуді күтудеміз, - деді ол.

Айта кетейік, еліміз арқылы өтетін контейнерлік пойыздардың тразиттік декларацияларын рәсімдеу 30 минутқа дейін қысқарды.

Соңғы жаңалықтар