Жылына 450 мың тонна: СҚО-да өсімдік майын өндіретін зауыт салынады

АСТАНА. KAZINFORM — Солтүстік Қазақстан облысында халықаралық агроөнеркәсіптік холдинг Tiryaki Agro компаниясының қатысуымен ауқымды инвестициялық жоба жүзеге асырылатын болады. Аталған компания Qyzyljar арнайы экономикалық аймағы аумағында өсімдік майларын өндіру өндірісін жолға қоюды жоспарлап отыр. Бұл туралы АШМ мәлім етті.

СҚО-да өсімдік майын өндіретін зауыт салынады
Фото: АШМ

Онда жылына 450 мың тоннаға дейін дайын өнім шығаратын заманауи май экстракциялау зауытын салу көзделген. Кәсіпорын Орталық Азиядағы ең ірі зауыттардың бірі ретінде саналып, өңірдің ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласының дамуына елеулі үлес қосады деп күтіледі.

— Зауытта күнбағыс, рапс және зығыр майын өндірілетін болады. Тәулігіне 1 500 тоннаға дейін шикізат өңделеді, — делінген хабарламада.

Жобаны осы өңірде жүзеге асыруға шикізат қорының молдығы (күнбағыс, рапс және зығыр өндірісі бар), сондай-ақ өңірдің географиялық тұрғыдан қолайлылығы ықпал етті.
Бұл логистикалық мәселелерді жеңілдетіп, негізгі өткізуші нарықтарға шығуға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, бұған дейін Көкшетауда жылына 300 мың тонна өсімдік майын өндіретін зауыт салынатынын жаздық.

Соңғы жаңалықтар