Жылу беру нысандарын жөндеу: Биыл 373 млрд теңге игеріледі
АСТАНА. KAZINFORM – Елімізде биыл жылу беру нысандарына жүргізілетін жөндеу жұмыстарына 373 млрд теңге жұмсалады. Бұл туралы Үкімет отырысында Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов айтты.

— Алдағы жылыту маусымына дайындық шеңберінде Жүйелік оператор бекіткен кестеге сәйкес ағымдағы жылы электр станцияларында 10 энергия блогын, 63 қазандықты және 39 турбинаны жөндеу жоспарланған. Әртүрлі кезеңдерде жөндеу жұмыстары 4 энергоблокта, 19 қазандықта және 10 турбинада жүргізіліп жатыр. 1 энергоблокта, 2 қазандықта және 1 турбинада жөндеу жұмыстары аяқталды, — деді ол.
Сондай-ақ, вице-министр орталықтандырылған жылумен жабдықтау аймағындағы 44 қазандықты жөндеу және реконструкциялау жоспарланған.
— Энергетикалық көздер бойынша жоғарыда аталған жөндеу жұмыстарына 373 млрд теңгені игеру жоспарланып отыр, бұл өткен жылғы деңгейден 14%-ға жоғары. Алдын ала берілген өтінімдерге сәйкес Үкімет резервінен 25,4 млрд теңге бөлінді, деп түйді сөзін Сұңғат Есімханов.
Айта кетелік 2025 жылы жаңартылатын энергия көздерінің 9 объектісі іске қосылатыны туралы жазған болатынбыз.