15:44, 09 Тамыз 2019 | GMT +5
Жоғалған отбасы табылды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы полициясы жоғалып кеткен отбасы туралы түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Құзырлы органның хабарлауынша, отбасы Алматы облысына демалуға кеткен.
«Жоғалып кеткен отбасы мүшелері туғандарымен байланысқа шықты. Бәрі жақсы. Нақтырақ ақпаратты бірнеше сағаттан соң, тексеруден кейін жариялаймыз», - деді Полиция департаментінен.
Бүтін бір отбасының хабарсыз кеткені туралы бүгін жазған болатынбыз.