Жол апаты артады: ШҚО-да жүргізушілерге ескерту жасалды

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Шығыс Қазақстан облысында қыста жол-көлік оқиғаларының саны артады. 

Жол апаты артады: ШҚО-да жүргізушілерге ескерту жасалды
Фото: Астана қаласының әкімдігі

Былтыр қыс кезінде өңір аумағында 1 100-ден астам жол апаты тіркеліп, соның салдарынан 48 адам көз жұмды. 

Сондай-ақ жол-көлік оқиғаларынан жарақат алғандар да көбейген. Апаттардың жиілеуіне негізінен ауа райы қолайсыздығы себеп болады.

– Сол үшін қыс мезгілінде жүргізушілер жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтап, жылдамдықты рұқсат етілген шектен асырмауы қажет. Жолдағы шектеулер туралы ақпараттарды да назардан тыс қалдырмау керек, - деді ШҚО полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Игорь Клишин.

Айта кетейік, өткен қысқы кезеңде өңірде ауа райының қолайсыздығына байланысты жолдарда 120-дан астам қозғалыс шектелген. 

– Жабық тұрғын жол учаскелеріне шыққандарға ҚР ӘҚБтК-нің 667-бабы бойынша жауапкершілік қарастырылған. Мұндай жағдайда жүргізушілерге 30 АЕК мөлшерінде айыппұл немесе 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу жазасы қолданылады, - деді И.Клишин.

Еске салсақ, осыған дейін Шығыс Қазақстанда қар көшкінін ерте ескерту жүйесі енгізіліп жатқаны хабарланған. 

Соңғы жаңалықтар