Жол апатына мал себеп болса, иесі жауапқа тартыла ма — ІІМ жауабы
АСТАНА. KAZINFORM — Егер жол бойында жүрген мал көлік апатына себеп болса, оның иесі қандай жазаға тартылады? Бұл сауалға Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Ғалым Сарғұлов жауап берді.
— Әкімшілік кодекстің екі бабы бар, ол 633-бап және 408-бап. 408-бойынша малды бағу, жаю ережесін бұзғаны үшін 3 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) айыппұл салынады. Малдың қатысуымен жол апаты болса, ол кезде полиция қызметкерлері материалды жинап көлік инспекциясы мен жергілікті әкімдікке жолдайды, — деп қысқа қайырды Ғалым Сарғұлов орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, жыл басынан бері 2 мыңға жуық адам жол апатынан қаза тапты.
Сондай-ақ Ішкі істер министрлігі жол апатына жиі әкелетін жайттарды атады.