Жол полицейлері 118 келі марихуананы анықтады

ҚОСТАНАЙ. 13 ақпан. ҚазАқпарат - Қостанай облысында есірткілік заттардың ірі партиясы - кептірілген марихуананың 118 келісі анықталды,
None
None

деп хабарлады Қостанай облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен. Есірткіні жол полицейлері тапты.

12 ақпан күні №112 жол полициясы жеке батальонының сақшылары Арман Қайдаров пен Роман Бернгардт Қостанай-Әулиекөл-Сұрған тас жолында кезекшіліктерін атқарды. Қойбағар стансасына жақын жерде олар жол жиегінде тұрған көлікті байқаған. Жүргізуші мен жолаушының қасына келген тәртіп сақшылары көліктің тоқтауының себебін сұрады. Ер адамдар сынып қалғанын айтқан. Полицейлер оларды жақын жердегі елді мекенге дейін жеткізіп салуды ұсынды. Бірақ жақсы жаңалық ер адамдарды қуантпады, олар өздерін бір түрлі көрсете бастады.

Күдіктенген полицейлер сынған «Жигулиді» тексерді. Көліктің ішінде және жүк салғышында олар алты полиэтилен қапты көрді. «Ер адамдар мұның кебек екенін жеткізген. Сол сәтте олардың қастарына қолында қабы бар тағы бір ер адам келді. Полицейлерді көрген ол жүгін жерге лақтыра салған. Көлік патрулі қаптардың ішіндегі есірткі екені белгілі болғаннан кейін әлгілерді ұстады. Өткізілген сараптама алынған заттың салмағы 118 келі 544 грамм кептірілген марихуана екендігін растады», - деп баяндайды ІІД-нің баспасөз хатшысы Елена Кашарина.

Үш күдікті - Әулиекөл ауылының 36-40 жас аралығындағы тұрғындары Қарасу аудандық ішкі істер бөліміне жеткізілді. Олар есірткілік жүк өздерінікі емес екенін, оны даладан тапқанын айтты. Медициналық сараптамадан кейін әрқайсысының ағзасында марихуана есірткілік затының бар екені анықталды.

Күдіктілер Қарасу АІІБ-нің уақытша ұстау абақтысына қамалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар