Жол сапасын бағалауға Жапония технологиясы тартылуы мүмкін

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандағы автомобиль жолдарын диагностикалау кезінде жапондық Mobile Mapping System (MMS) мобильді картографиялау жүйесін қолдану мүмкіндігі қарастырылып жатыр. Бұл бағытта «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» Жапонияның Aero Toyota Corporation компаниясымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Жол сапасын бағалауға Жапония технологиясы тартылуы мүмкін
Фото: Жол активтері сапасының ұлттық орталығы

Құжат жол инфрақұрылымын тексеру тәсілдерін жетілдіруді, диагностикаға цифрлық технологияларды тартуды және халықаралық тәжірибе алмасуды көздейді.

Жол сапасын бағалауға Жапония технологиясы тартылуы мүмкін
Фото: Жол активтері сапасының ұлттық орталығы

Меморандум аясында жапондық компания Ұлттық орталыққа консультациялық қолдау көрсетеді. Атап айтқанда MMS жүйесін орталықтың жұмысына ықтимал енгізу жолдары зерделеніп, оны қолдану әдіснамасы мен техникалық талаптары бойынша ұсыныстар әзірленеді.

Жол сапасын бағалауға Жапония технологиясы тартылуы мүмкін
Фото: Жол активтері сапасының ұлттық орталығы

Жұмыстың қорытындысы бойынша Aero Toyota Corporation жүйені қолдану әдіснамасы мен техникалық сипаттамалары қамтылған толық есеп негізінде MMS технологиясын Қазақстандағы жол инфрақұрылымын диагностикалау кезінде пайдалану мүмкіндігі қарастырылмақ.

Жол сапасын бағалауға Жапония технологиясы тартылуы мүмкін
Фото: Жол активтері сапасының ұлттық орталығы

Бұдан бөлек тараптар жол-құрылыс материалдарының сапасын арттыру, автомобиль жолдарын салу, жөндеу және күтіп-ұстау тәжірибесін жетілдіру бағытында да бірлесіп жұмыс істеуді жоспарлап отыр.

Жол сапасын бағалауға Жапония технологиясы тартылуы мүмкін
Фото: Жол активтері сапасының ұлттық орталығы

Сондай-ақ жолдарды мониторингтеу, диагностикалау және паспорттау саласында цифрлық технологияларды дамыту, тәжірибе алмасу және бірлескен жобаларды іске асыру мәселелері ынтымақтастықтың басым бағыттарының бірі болмақ.

Айта кетейік, бұған дейін, Toyota мен Waymo 2027 жылы Жапонияда жүргізушісіз такси қызметін іске қосатынын жазған едік.