ЖОО-ларды оңтайландыру мәселесі талқыланды

АСТАНА. 29 наурыз. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым министрлігінде Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарын оңтайландыру мәселесі бойынша кеңейтілген мәжіліс өтті,
None
None

деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.

1991 жылы елімізде 55 жоғары оқу орны болатын. Тәуелсіздіктің алғашқы онжылдығында жеке сектор қарқынды дамып, 2001 жылы еліміздегі жоғары оқу орындарының саны 182-ге жетті. Осылайша, бәсекелестік орта қалыптасты, ал өтпелі экономика жағдайында жоғары оқу орындарында жастардың көбеюі олардың жұмыспен қамтылу мәселесін реттеуге сеп болды.

Алайда, бүгінгі таңда Қазақстанда жоғары білімді мамандарды даярлауда олардың саны мен сапасына қатысты елеулі айырмашылықтар орын алып отыр. Дамыған елдерде 1 миллион тұрғынға 1-6 жоғары оқу орнынан келсе, Қазақстанда 2011 жылы 9 (149 жоғары оқу орны) болған.

Вице-министр М.Орынхановтың хабарлауынша, мемлекеттік бақылаудың қорытындысы бойынша жоғары білім беру саласына оқытудың коммерциялық нысанның белең алуы, аймақтық деңгейде мамандықтардың қайталануы мен көбеюі, сырттай оқитын студенттердің басымдығы тән. Көптеген жоғары оқу орындарында студенттердің білім сапасы төмен, материалдық-техникалық базасы және ғылыми әлеуеті әлсіз.

Білім және ғылым министрі Б.Жұмағұлов оңтайландырудың басты мақсаты - мықты және бәсекеге қабілетті мемлекеттік те, жекеменшік те жоғары оқу орындары тең деңгейде көрініс табатын жоғары оқу орындар жүйесін қалыптастыру екенін атап өтті. «Барлық жоғары оқу орындары әлеуеті мықты кадрлары, заманауи оқу-зертханалық базалары және экономика сұранысына сай мамандар даярлауы қажет. Оңтайландыру жеке ғана емес, мемлекеттік жоғары оқу орындарын да қозғайды. Сондай-ақ, бірде бір студент оңтайландырудың салдарынан қиындық көрмеуі қажет. Жоғары оқу орнын жабу кезінде студенттердің құқықтары мен кепілдіктері «Білім туралы» заңда бекітілген. Бұл нормалар орындалады» - деп атап өтті БҒМ басшысы.

Қатысушылар мәжілістің қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасындағы жоғары оқу орындарын оңтайландыруды жалғастыру бойынша нақты ұсыныстар әзірленуі керектігі жөнінде пікірге келді.

Соңғы жаңалықтар